Елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жаңа заң жобасы әзірленді

0 0

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомствоның кеңейтілген отырысында министр Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрлік басшысының айтуынша, 2017 жылы отандық өндірушілерден 50 млрд астам теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 33% өсті. 2017 жылы өнеркәсіпте фармацевтикалық өндірістің өсуі 42% құрады. Бірыңғай дистрибютердің ашықтығы және тиімділігі қамтамасыз етілді.

«Бірқатар нормативтік өзгеріс енгізілулер арқасында сатып алу процесі жетілдірілді. Барлық сатып алу процесі онлайн түрде жүргізіледі. Осының арқасында, бюджетте 17,3 млрд теңге үнемделді. Елімізде денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасы бірте-бірте дәрі-дәрмектер бағасын реттеуге, дәрілерді жаңаша тіркеуге, оларды электронды түрде сатып алуға, қадағалауға мүмкіндік береді»,- деді министр.

Сонымен қатар, 2012-2016 жылдар аралығында сатып алынған медициналық техникалардың қалай сатып алынғаны және қалай қолданылып жатқаны туралы аудит жүргізілді. Медициналық техниканы сатып алуда және қолдануда түрлі бұзушылық анықталды. Барлық факті есеп комитеті мен құқық қорғаушы органдарға тапсырылды. Аудит нәтижесінде министрлік нормативтік құжатттарға өзгерістер енгізді.

«Медициналық техника құны мен оңтайлы техникалық сипаттамаларына сараптама жүргізу, міндетті сервистік қызмет көрсету, техникалық пайдалануды онлайн бақылау үшін ақпараттық жүйе құру сияқты өзгерістер енгізілді. 2017 жылы министрлік орталық деңгейде 15 млрд теңгеге медициналық техниканы сатып алудан бас тартты. Оның орнына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және лизинг негізінде 12 млрд теңгеге медициналық техникамен қамтамасыз ету үшін 27 мемлекетік-жекеменшік әріптестік жоба басталды. Жеке инвестициялар көлемі 23 млрд-тан 44 млдр-ты құрап, 90% өсті», — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы 33 жобаны іске қосты.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.