Алғыс айту күніне орай «Қайырымды көршіге рахмет» акциясы басталды

0 114

ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан xалқы Ассамблеясы жаңа акцияны қолға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2016 жылы Елбасының жарлығымен Алғыс айту күні белгіленді. Аталған мереке осымен үшінші рет аталып отыр. Бұл күні Қазақстан xалқы Ассамблеясының ұсынысымен жыл сайын белгілі бір акция бастау алады. Бүгін де жақсы бір акция дүниеге келді. Ассамблеяның ұсынысымен «Қайырымды көршіге рахмет» деген акция басталады», — деді Мемлекеттік хатшы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан салтанатты жиында.

Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова аталған акцияның қандай мақсатта қолға алынғанын түсіндірді.

«Қазақ «туысы жақын жақын емес, көршісі жақын жақын» дейді. Сондықтан осы акция барысында әрбір көшеде, әрбір қалада, әрбір ауылда қолдауды қажет ететін азаматтарға Ассамблея болып, xалық болып, көрші болып, көмек керсетеміз», — деді ол.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.