Айыр қалпақты ағайындар қазақ еліне алғыс айтты

0 12

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи мәдени кешенінде орналасқан «Достық Үйінде» бүгін қонақ көп, деп Zhambylnews хабарлайды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының ,Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, Аналар мен Ақсақалдар кеңесі, «Ақ желкен» жастар лигасы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықтап келді.

Тіпті Алатау асып келіп, айыр қалпақты ағайындар да алғысын айтты. Қырғызстан Республикасының  Талас облысындағы өкілетті уәкілінің орынбасары Азият Джаркыналиева бастаған делегация Қазақстан халқын атаулы күнмен құттықтады. Олар мерекелік сый ретінде Тараз қаласының мұражайына этникалық стильде арнайы жасалған сағат ұсынды.

Іс – шара барысында орыс драма театры, филармония әртістері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған бағдарламалар ұсынылды.

Достық үйі аумағында көгалдандыру бойынша «Жасыл қала — таза ауа» акциясы ұйымдастырылып, көшет егілді. Келушілер ары қарай Тараз қаласының көрікті жерлерін аралап, экскурсия жасады

 

          

Leave A Reply

Your email address will not be published.