ОҚО-да босанған жас аналарға құрмет көрсетілді

0 3

Оңтүстік Қазақстан облысында алғыс айтудың онкүндік шарасы «Ықылас күніне» ұласты.

Бұл күні өңірдегі этномәдени бірлестіктер жанындағы аналар кеңесі өмірге сәби әкелген жас аналарды құттықтап, сый-сияпат ретінде иықтарына орамал жапты. «Отанымыздың гүлденуі, өсіп-өркендеуі демографиямызға тікелей байланысты. Ал ана мен баланың денсаулығы мемлекеттің ұдайы қамқорлығында», –дейді кеңес мүшелері. Себебі елімізде дүниеге келетін әрбір төртінші сәби осы Оңтүстік өңірден. Сондықтан этномәдени бірлестік өкілдері Шымкенттегі №4 перениталдық орталықта босанған аналар мен сәбилерге денсаулық, отбастарына бақ-береке тіледі.

Нурниса Ниязова, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігі аналар кеңесінің төрайымы:

– 1962 жылы біз Қытайдан келгенбіз. Сол жылдан бері Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Ынтымағымыз сондай жақсы.Қазақтар мейірімді. Құшақтарын ашып, күтіп алды бізді. Келгенде үй салып берді. Соғым берді. Қазақтарға мың да бір алғыс!

Сандуғаш Орынбаева, көпбалалы ана:

– Бірінші алғысым Аллаға. Содан кейін ақ жаулықты ана-апаларға ризашылығымды білдіремін.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.