Қазақстан – Еуроодақ қарым-қатынасы жаңа деңгейге шықты

0 1

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көшті.

Оған екіжақты кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық келісімі дәлел. Бұл туралы Брюссельдегі интернет-басылымының диалогтік алаңында өткен «Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастардың перспективалары» атты қорытынды отырыста Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан мәлімдеді.

Петер Буриан, ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

— Біз қарым-қатынастың жаңа бағыт-бағдарын айқындадық. Бұл – жаңа технологияларды дамыту және сіздердің елдеріңіз бен аймақтың алдында тұрған тапсырмаларды жүзеге асыру. Біздің серіктестігіміздің болашағы жемісті болатынына сенімдімін. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігінде өте жүйелі жұмыс атқарды. Орталық Азия аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Ауғанстанды өзге өңірлермен жақындастыру бастамасының да маңыздылығын айта кеткен жөн.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.