Жамбыл облысында дәрі-дәрмектің бағасына тежеу қойылды

0 4

Әкімдіктің негізгі азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтерге бағаны ұстап тұруға тұрақты облыстық штаб жұмысы аясында дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарға баға белгілеу туралы Меморандумға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен қол қойылды.

Келісімге 2018 жылдың 16 ақпанында облыс әкімдігі мен «Жамбыл облысындағы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту» Ассоциациясы, «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсiпкерлiк және инновациялық даму бөлiмi» КММ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң фармация комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаментi арасындағы меморандумға 4 жақты қол қою кезiнде қол жеткiзiлдi.

Меморандум осы жылдың аяғына дейін жасалады. Құжаттың мақсаты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау болып табылады.

Меморандумға ең көп қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық өнімдер, яғни 140 атаулы дәрілер кіреді. Меморандуммен бекітілген дәрі-дәрмектердің толық тізімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша (med.farm.kz) және облыстың дәріхана ұйымдарында орналастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.