Өзбекстан Президенті қазақстандықтардан алынған блиц-сауалнаманы жариялады

0 0

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Facebook желісіндегі парақшасында қазақстандықтардың Өзбекстанға деген қарым-қатынасы жайлы видео жариялады, — деп ZhambylNews хабарлайды.

Роликті Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі өкілдері дайындаған. Астана қаласының көрікті жерлері бейнеленген видеоның басында 2018 жылдың Қазақстандағы Өзбекстан жылы екені айтылады. Видеоролик авторлары Астана тұрғындары мен қонақтарынан блиц-сауалнама алған. Олар «Өзбекстан жайлы не білесіз?», «Жақсы көретін өзбек тағам түрі қандай?» және «Өзбек әртістерінен кімді білесіз?» деген сұрақтарға жауап береді.

Сауалнама барысында қазақстандықтар Өзбекстанның өздері білетін қалалары Ташкент, Самарқант, Бұқара қалаларын атаса, кейбіреулері мәдениеті, тағам түрлері, киносы, танымал тұлғаларын атап берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.