Құрылыста кеткен кемшіліктерді түзеуге 1 апта уақыт берілді

0 1

Тараз қаласында 3 білім нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлығы да жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс жұмыстарын аяқтап қалған мектептерді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов аралап көрді. Алғаш аялдаған нысан — №24 мектеп жанынан соғылып жатқан қосымша ғимарат. Сыртқы әрлеуі аяқталуға жақын .

300 орындық ғимараттың сыртқы жылылау жұмыстары 25 жыл құрылыс саласында қызмет еткен Ғалымжан Әбдірайымовтың қатаң сынына ілікті. Мердігерлер сыртқы қабаттың қалыңдығын талапқа сай етіп жасамаған болып шықты. Облыс әкімінің орынбасары барған келесі нысан «Бәйтерек» мектебі. Құрылыс жұмыстарына 200 адам жұмылдырылған. Уақытынан бұрын пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кеткен кемшілік мұнда да жоқ емес. Және құрылыс алаңында шашылып жатқан күл-қоқыс бірден көзге түсті.

Шөлдала елді мекенінде салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылысынан да кемшін кеткен біраз жайт анықталды. Бетоннан құйылған мұнараларды қайта түзету қажет. Құрылыс алаңындағы кемшіліктерді түзету үшін 1 апта уақыт берген облыс әкімінің орынбасары мердігерлерге мерзімді уақыттан соң нысандардағы жұмысты қайта тексеретінін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.