Қазақстанда ұлттық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

0 0

Ұлттық палата «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына өтінім қабылдауды бастады, бұл жайында  ZhambylNews хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ­– 2015 жылдан бері сапа саласындағы байқаулардың ұйымдастырушысы. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету.

Биылғы 2018 жылдың байқауы соңғы өзгертулерге сай өтеді. «Алтын сапа» байқауына жаңадан ауылшаруашылығы мен тағам өнімдерінің өндірісі саласына арналған төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.