Жамбыл облысы аумағында бүгінгі күнге су тасқыны қаупі жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде су тасқыны мерзіміне дайындық барысы баяндалған баспасөз жиынында айтылды. КТМ: Жамбыл облысы аумағында орналасқан 117 ірілі-ұсақты су қоймасы бар. Көп көлемде су жиналатын Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларында әзірге 80 пайызға дейін су жиналып, өзен арналарына жіберіліп жатыр. Шу, Талас, Аса өзеніндегі су деңгейі бақылауда. Өзен жағалауларын бекіту, дамбаларды нығайту жұмыстары жүргізілді. 95 шақырым дренажды канал мен 155 шақырым арық жүйелері тазартылуда. Жауын-шашын мол маусым болғандықтан, жасалған жұмыстарға қарамастан, халықты хабарландыру, жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріліп жатыр.
Қап, мөшектер, инертті материалдар, құмдар мен техникалар барлығы әзірлікке келтірілген. Бүгінгі күнге нақты су тасқыны қаупі жоқ- деді Жамбыл облыстық ТЖД бөлім маманы Арман СМАЙЫЛОВ