Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0 10

Синоптиктер 20-22 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр мен сулы қар жауып, бірақ температура нормадан жоғары болады.

«Мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен соңы қарға айналатын қар, құбылмалы ауа райы күтіледі. Мұндай ауа райы Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ауысатын циклондар мен атмосфералық фронттармен байланысты болады. Бірақ ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан климаттық нормадан асып кетеді деп күтіледі. Оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін, кей жерлерде 25 градусқа дейін жылынады», — деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, республиканың солтүстік бөлігінде 3…13 градусқа дейін жылынатыны айтылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.