Жаңа бас жоспарға сай шаһар тұрғындарының тұрмысын мейлінше жеңілдету көзделіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Ол үшін алдымен әбден ескірген темір жол және автобекет ғимараттары қайта салынады. Қос нысан заманауи құрал-жабдықпен жарақталады. Сондай-ақ қалада «Жастар сарайы» пайда болады. Ол жерде оқушылар мен студенттерге қажет ақпаратын алуға барлық мүмкіндік жасалады. Смарт-технологияларды енгізу жұмысы қалада басталып кетті. Қазір көшелердегі аялдамаларда ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін тақтайшалар ілінген. Ондағы бүкіл мәліметті оңай ұялы телефонға жүктеп, танысуға болады.
Берген Омарбеков, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары:
«Көше бойында жарық шамдары, көшелер, үйлерге кіре берістегі жолдардың барлығы «Ақылды қала» бойынша өзгертіледі. Алдағы уақытта істейтін жұмыстарымыз 4,5-мөлтек ауданындағы инфрақұрылым дамыту арқылы өзгертіледі».