Таразда «Наурыз FEST» фестивалі өтті

0 14

9 күндік Наурыз мерекесінің бүгін «Шаттық күні». Осы күн аясында Қ.Рысқұлбеков саябағында фестиваль өтті, деп хабарлайды ZhambylNews AA.

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мəселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты — Наурыз мерекесінің халықтық мәнін жастарға ұғындыру, ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені, дәстүрлі рухани құндылықтарымызды сіңіре отырып, өз ұлтының дәстүріне, ғұрпы мен салт-санасына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру әрі оларды құрметтеуге баулу.

 

Фестиваль аясында киіз үй тігіліп, наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар әзірленді. Қолөнер бұйымдарынан көрме қойылды.

Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен жас мамандары «Құда түсу», «Ерулік», «Келін түсіру», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Есік көрсету», «Бастаңғы», «Қыз ұзату», «Көрісу» сынды қазақтың салт-дәстүрлерін сахналап, концерттік номерлерін ұсынды.

Облыстық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев бастаған қазылар алқасы үздік деп танылған командаларды жүлделі орындармен және «Ұлттық дәстүрді ұлықтаушылар» номинациясымен марапаттады.

Сондай-ақ, шара аясында асық ату, қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тарту ұлттық спорт ойындары өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.