Жамбыл облыстық полициясының өкілдері Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде болған атыс туралы мәлімдемеді.
Сондай-ақ, оқиға кезінде күзет қызметкерлерінің бірі атыс қаруымен екі қонақтың аяғына оқ атқан. Соның салдарынан төрт адам жеңіл дәрежедегі жарақаттармен дәрігерге жүгінген.
«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жанжалға қатысқандардың берген жауаптарын ескеріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 252-бабы 2-тармағымен (жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерінің қару-жарақты қолдану арқылы өкілеттіктерін асыра пайдалану) тағы бір қылмыстық іс тіркелді», — деп жазылған релизде.
Дереккөз: Baq.kz