Тараздағы жергілікті полициясы бастығының орынбасарына 19,5 млн айыппұл салынды

0 9

Тараз қаласы №2 сотында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке іліккен екі полицейге қатысты қылмыстық іс туралы брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда судья Жанна Байдәулетова Тараз жергілікті полициясы бастығының орынбасары, полковник Жақсылық Бүйтеков лауазымын пайдалана отырып, жол-патруль қызметінің батальон командирі, подполковник Бақытжан Жолдасбековтің астыртын көмегімен Тараз қаласының полицейлерінен бірнеше рет ақша бопсалағанын айтты. «Алты эпизод анықталды.

Пара ретінде бопсаланған ақшаның жалпы сомасы 279 мың 500 теңгені құрайды. Пара мөлшері жеті мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін болған. Пара қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патруль полициясы батальоні қызметкерлері — Асхат Қалмаханов пен Қуаныш Ақпановтан алынған.

Сот отырысында сотталушылар айыбын толықтай мойындап, қатты өкінетінін білдірді», — дейді судья. Жанна Байдәулетованың айтуынша,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот процесі жеделдетілген режімде өткен. Еске сала кетсек, Ж. Бүйтеков ҚР ҚК 366-бабы («Пара алу») 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары бойынша айыпты деп танылылды. Б. Жолдасбеков «Пара алу» және «қатысу» баптары бойынша айыпты болды. Енді олардың әрқайсысы параның 70 есе мөлшерінде — 19,5 млн теңге айыппұл төлейді. Сондай-ақ, екеуі де мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым иелену құқығынан өмір бойы айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.