Наурыз мейрамында теңгенің долларға қатысты бағамы қандай болады?

0 6

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 20 наурыздағы  күндізгі  саудасында 320,58 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

20 наурыздағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 320,05 теңгемен өтті. Минималдық құны 319,90 теңге болды, ал максималдық құны 321,15 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 62,150 миллион долларға жетті.

Ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 318-322 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 15.40-та Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 66,56 доллар болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.