Ішкі істер министрлігінің өкілдері 14-16 наурыз аралығында республика аумағында адам саудасымен айналысу ісіне қатысты SТOP трафик жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде 51 қылмыстық ереже бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сондай-ақ, ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция 23 жастағы қызды сатқан ер адамды ұстады.
Астана қалалық ІІД мәліметінше, 33 жастағы ер адам 1994 жылғы сыбайласымен бірге 23 жастағы қызды құлдыққа салу мақсатында оны 80 000 теңгеге сатқан. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы (» Адам саудасы») бойынша тіркелді.
Cонымен қатар, ІІД өкілдері Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне Қазақстан Республикасының 11 азаматы, ТМД елдерінің 9 азаматы қамалғанын хабарлады.