«Егемен Қазақстан» газетінің атауы өзгерді

0 42

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің форматы өзгерді. Наурыздың 21-нен бастап басылымның атауы латын әліпбиімен жазыла бастады, деп хабарлайды Baq.kz.

Газеттің атауы «Egemen Qazaqstan» деп латын қарпімен жазылуымен қатар, көлемі де өзгерді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі хабарлады.

«Ел газеті «Егемен Қазақстан» Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыздан бастап жаңа форматта, атауы латын әліпбиімен жазылып, 16 бет болып оқырманға жол тартты. Бұдан былай күнде осылай 16 бет шығатын болады. Оқырманның талғамы, заманның талабына сай саяси сараптамалар мен мәдени, руxани сүйекті материалдар көбірек басылады.
Қабыл алыңыздар…», — деді басылым басшысы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.