15 — 20 наурыз аралығында Атырау қаласында республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өтті, деп хабарлайды Zhambylnews.
Облысымыздан қатысқан 46 оқушы бұл жолы да білім бəйгесінің алдынан көрінді. Жамбылдық оқушылар 7 жыл қатарынан бұл олимпиададан үздік екендерін дәлелдеп келеді. Бұл жолы біздің оқушылар 5 алтын, 7 күміс, 15 қола медаль тағып қайтты.
Сонымен қатар,«Ең Үздік команда-2018» номинациясының иегері атанып, командалық есепте І- орынды жеңіп алды.
Айта кететін жайт, аталған республикалық додаға еліміздің Астана, Алматы қалалары мен 14 облысы, республикалық білім беру ұйымдары және Назарбаев зияткерлік мектебінен 800 жуық оқушы қатысып, математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен сынға түскен болатын.