Сауда үйіне өрт қойған адамдар ұсталды

0 11

Кемероводағы сауда орталығына өрт қойды деген күдікпен  төрт адам ұсталып, олардан  жауап алынды, деп хабарлайды Zhambylnews РФ ресми өкілі Светлана Петренконың сөзіне сүйеніп. 

Жексенбі күні Кемероводағы «Зимняя вишня» төрт қабатты сауда орталығында өрт шыққан болатын. Соңғы ақпарат бойынша 48 адам қаза тапқан.

Петренконың айтуынша, қылмыстық іс бойынша төрт адам ұсталып, жауап алынды, оның ішінде өрттің эпицентрі болған ғимаратты  жалға алушы да бар.

«Сауда орталығына қызмет көрсететін басқарушы компанияның басшысы қамауға алынды», — деп атап өтті өкіл.

Кемерово өрті, жәбіркөрушілер санына сәйкес 100 жыл ішіндегі,  Самара ішкі істер басқармасы (1999 ж., 57 адам), Краснодар өлкесіндегі Камышевск ауылындағы (2007 ж., 63 адам) және Пермьдегі «Хромая лошадь»  (2009 ж., 153 жәбірленуші) спорт клубында өрт жағдайларымен қатар тұр.

Дереккөз: РИА»Новости»

Leave A Reply

Your email address will not be published.