Қытайда көлік сататын сауда автоматы ашылды

0 17

Қытайдың Гуанчжоу қаласында көлік сататын сауда автоматы ашылды, — деп  хабарлайды TechCrunch.

Басылымның мәліметінше, автомат Ford және Alibaba компанияларының біріккен жұмысы аясында ашылып отыр. Қазіргі уақытта көпқабатты ғимаратта ондаған Ford көлігі тұр. Кез келген адам мобильді қосымшаның көмегімен ұнаған көлігін таңдап, оны үш күнге тест-драйвтен өткізе алады.

Сондай-ақ, осы қызмет түрін қолданушыларға Alibaba компаниясы ұсынатын қызмет түрлеріне жеңілдіктер беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.