Жуалы ауданында жол битумын шығаратын зауыт ашылады

0 2

Бұл жайында ӨҚК баспасөз орталығында өткен баспасөз-конференциясында Жуалы ауданының әкімі айтты, деп Zhambylnews АА хабарлайды.

Бүгінде Жуалы ауданында кәсіпкерлікті қолдау картасын 2018 жылы өзектендіру мақсатында3 жобамен жұмыстар жүргізілуде:

  1. Шақпақ-ата ауылдық округінен қуаттылығы жылына 17 550 тонна жол битумын шығаратын кіші зауыт құрылысының басталуы. Жоба құны 161,0 млн.теңгені құрайды.
  2. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын «Агроазықтүлікнанменжабдықтау» ЖШС сұйық заттар құйылатын әр-түрлі мөлшердегі пластмасс ыдыстар шығаратын кіші цехтың құрылысын жүргізу және толықтай жабдықтау, жоба құны 350,0 млн.теңгені құрайды.
  3. Сүт кластері бойынша 15 шаруа қожалықты біріктіре отырып, «Жуалы Алатау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Қаралған қаржы 4,1 млрд. теңгеге құжаттары рәсімделуде. Жарғылық капиталы 600,0 млн. теңге. Жылдық жоспар 9,5 мың тонна сүт өндіру жоспарлануда. Облыстық бюджеттен 300 млн. теңгегеқаржы қарастыруға ұсыныс берілді, жоба іске асқан жағдайда 15 озық үлгідегі тауарлы сүт фермасы салынып, 1500 бас шет елден асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алынуы күтілуде.

Өндеу өнеркәсібі  кәсіпорындары ағымды жылы 315 тоннаға өнімдерін артық орындау жоспарлануда. Оның ішінде «Бурное сут компаниясы» ЖШС жылына 240 тонна өнімдерін артығымен шығарса, «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС шағын сүт зауытының  іске қосылу негізінде 72,0 млн.теңге             60,0 тонна сыр және май өндіреді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.