Ауданда бүгінде 28 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. 2 жекеменшік балабақшада 90 бала тәрбиеленуде. Жалпы — 2215 бала метепке дейінгі біліммен қамтылған — деді аудан әкімі Б.Көпбосынов. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 3-6 жас аралығында – 95,1 % құрап отыр.
6 мектеп жалпы электрондық оқыту жүйесіне қосылған. Сондай ақ, білім саласында цифрлық білім беру инфраструктурасын дамытуға 2017 жылы 72,9 млн теңге бөлінсе, жоспарлы 2018 жылға 45,0 млн теңге қарастырылды .