«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 23 тақырып бойынша жалпы сомасы 176,5 млн теңгеге әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік гранттарға қайта байқау жариялайды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін көтеру, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу мақсатында 2016 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ құрылған болатын. Орталық оператор ретінде үкіметтік емес ұйымдарға грант бөліп, оның сапалы жүзеге асуын қадағалайды.
Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 678 201, 8 777 880 2521 телефоны, info@cisc.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады. Ресми сайт: www.cisc.kz.
Дереккөз: Baq.kz