Twitter бүгіннен бастап криптовалюта туралы жарнамаларды бұғаттайды

0 1

27 наурыз күні күшіне енген әлеуметтік желінің жарнама саясатына сәйкес, цифрлық ақша туралы ақпарат таратуға тыйым салынды.

Twitter бүгіннен бастап криптовалюта, биржа, цифрлық ақша, электронды әмиян және ICO туралы жазбаларды бұғаттайды. Криптовалюта сауда алаңы туралы жазбалар да бұғатталады. Десе де, оларға қатысты кейбір жеңілдіктер қарастырылған.

Тек ірі компаниялар биржа туралы ақпараттарын жарнамалай алады. Twitter өкілінің хабарлауынша, Жапония платформаларын жергілікті қаржы реттеушілері мақұлдауы тиіс. Сондай-ақ, өкіл бастапқыда жеңіл шаралар ғана қарастырылғанын айтып өтті. Кейін бұл тізімді Facebook пен Google толықтырған соң Twitter де қатаң шара қолдануға кіріскен.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.