Жамбыл облысының бюджеттік даму өзгерістері қандай?

0 0

Облыс әкімі А.Мырзахметовтың аудандар мен Тараз қаласына іс-сапары барысында берілген тапсырмасына сәйкес, қолданыстағы бюджеттік заңнамалардың негізінде «Бюджет заңнамасының орындалуының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілген болатын. Осыған байланысты, бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында баспасөз конференциясы өтті.

Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Әбілханұлы өз баяндамасында облыс бюджетіндегі көрсеткіштердің орындалуы жөнінде айтып, жоспарға сәйкес келесі жылдың қаржы шығындарын жоспарлау ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында басталатынын жеткізді.

«Бюжеттік процесті бір жүйеге келтіру арқылы бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың жолын калыптастырамыз», — деді облыс әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Даулбаев.

Сондай-ақ, білім және денсаулық сақтау нысандарына берілген ғимараттың құрылыс алаңы мен жер учаскесінің көлемі жоспарда бекітілген көлемдерден аспау керектігін айтып өтті.

Атап айтқанда, Сарысу ауданы Досбол ауылында 50 орындық негізгі мектеп құрылысына дайындалған ЖСҚ бойынша ғимараттың құрылыс алаңы нормативке сәйкес 842 ш. метрдің орнына 1 477 ш.м. құраған. Бұл 635 ш.м-ге артық. Нәтижесінде құрылыс құны 130 млн. теңгеге қымбаттап, 304 млн. теңгені құраған. Осыған сәйкес, бүгінгі таңда келісім шарттарда кепілдік мерзімі 3 жыл болса, іс-шараға сәйкес 5 жылға ұзартылып, мердігердің жауапкершілігі күшейтіліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.