Қазақстандықтар Кемероводағы сауда орталығында қаза болғандарды еске алды, деп хабарлайды Zhambylnews AA.
Таразда Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан «Махаббат» аллеясында қала тұрғындары көптеп жиналды. Көбісі балаларын ерте келді, олар қаза болғандардың қайғысына ортақтасып, көз жастарын жасырмады. Жиналғандар өздерімен бірге шам, гүлдер мен жұмсақ ойыншықтарды ала келген. Бала жанының пәктігі мен тазалығының символы саналатын ақ шарлар көкке ұшырылды.
Қайғылы оқиғаны еске алу үшін осыған ұқсас іс-шаралар республикамыздың көптеген қалаларында өтті.
Еске салсақ, жексенбі күні түстен кейін 64 адамның өмірін қиған Кемерево облысында «Зимняя Вишня» сауда орталығында алапат өрт болған. Болған оқиға бойынша, Қылмыстық кодекстің үшінші бабына, соның ішінде «Абайсызда өлімге әкелу» және «Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өрт жоғарғы қабатта басталған, мұнда бірнеше кинотеатрлар мен балаларға арналған ойын алаңдары болған. Қазіргі уақытта өртенген сауда үйінің директорынан жауап алынып жатыр. Оның айтуынша, өрт арнайы қойылып, мұны кавказ нәсілінің адамы жасаған.