«Қазгидромет» РМК 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, елдің орталығында, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел 18-23, екпіні 30 м/с және одан аса күшейуі күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 118-23 м/с күшейеді, күндіз найзағай болады. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдық жел соғады.
Дереккөз: ҚазАқпарат