Жамбыл облысының көмір сатушылары өзара сөз байласып, бағаны негізсіз көтеріп жіберген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаментіне сілтеме жасап.
«Аталмыш ведомство өңірді көмірмен қамтамасыз ететін нарық субъектілеріне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Тексеріс барысында баға мәселесі бойынша астыртын сөз байласқан монополистер анықталды»,- дейді ведомство өкілі Ләззат Оспанова.
Нарық субъектілеріне қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР кодексінің 159-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тараз қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен оларға 69 мың теңге айыппұл салынды. Тағы үш субъектінің ісі қаралып жатыр.