Көкшетауда дүкенге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

0 13

Көкшетауда дүкенге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды, деп «Zhambylnews» AA хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полицейлердің мəліметі бойынша оқиға 30 наурызда болған. Бұл туралы дүкеншінің өзі полицияға хабарлаған.

Зардап шегушінің сөзінше, ер адам тапаншамен қорқытып, сөредегі азық-түлік, ақша жəне ұялы телефонды үптеп кеткен.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер кешенді іздестіру шарасы барысында сол күні күдіктіні қолға түсірді.

Қазіргі кезде, 37 жастағы күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігі (қарақшылық) бойынша соталды іс қозғалды.

Сонымен қатар, күдіктінің осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.