Сәуір айының екінші жартысынан бастап ауа райы жылына бастайды. Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болып, қар мен жаңбыр жауады,-деп хабарлайды Zhambylnews АА Gismeteo.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда айдың бірінші жартысында күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ал айдың ортасынан бастап ауа райы 11-19 градусқа дейін жылынады.
Атырау облысында күндіз ауа температурасы 1-10 градус аралығында жылы болса, түнде 13 градусқа дейін суып кетеді. Айдың ортасынан бастап ауа райы айтарлықтай жылынады.
Шығыс Қазақстан облысында айдың екінші жартысынан бастап күн ашық болып, ара-тұра жауын сіркіреуі мүмкін.
Батыс Қазақстанда бір ай бойы жаңбыр жауады. Айдың ортасынан бастап 16-19 градус жылынса, түнде 8-10 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстанда қар да, жаңбыр да жауады. 4, 26 сәуір күндері күн ашық болады.
Оңтүстік Қазақстанда айдың орташа жылылығы 18-22 градус аралығында болады. Аздаған жауын жауып, найзағай ойнайды.