Бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қолдауымен «Шекарасыз келешек» атты партия жобасымен аясында «Балалар мен жасөспірімдер» орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті, деп жазды Дилафруз Махмадулоева өзінің Фейсбук парақшасында.
«Жалпы, идея жақсы, мұндай оқиғалар бізге — жасаушыларға, көздері өнімге келген әр адамға күлкі сыйлайтын әдемі заттар жасаудың шабытын береді.
Өкінішті жағдайлар:
1) Мұндай көрме / жәрмеңкелер туралы, қолөнершілер уақытында дайындалып үлгеруі үшін, бір айдан кем емес уақытта хабарлануы керек.
2) Өткізілу орны ашық алаңдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде болса, әрқайсымыз өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, одан пайда табуға да ұмтыламыз» , — деді ол.
Айта кететін жайт, «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Ілиясұлы Асқарбековтың айтуынша, болашақта мұндай іс-шараларды ауқымды түрде жиі ұйымдастыру жоспарда бар.