Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ортаев Нұрлан Қасымбекұлы дүниеден озды.
Нұрлан Ортаев 1964 жылы 23 мамырда Жуалы ауданында дүниеге келген. Б.Момышұлы ауылындағы «Агро азық-түлік нан мен жабдықтау» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келген. №17 сайлау округінен облыстық мəслихаттың кезекті шақырылымына алғаш рет депутат болып сайланған. Оған дейін дейін де көптеген беделді қызметтер атқарған:
1992 жылы – «Аулет» АҚ, менеджер;
1993 жылы – «Жамбыл-Кожобув» АҚ, сауда саттық бөлімінің басшысы;
1994 жылы – «Жамбыл-Кожобувь» АҚ құрамындағы «Каблучек» фирмалық дүкенінің директоры;
2003 жылдан – «Агропродхимснаб» ЖШС директоры;
2006 жылдан – «Агропродхимснаб» ЖШС, Бас директоры.