Жамбыл облысында жаратылыстану пәнін оқытатын мұғалімдер тапшы.
Жүргізілген мониторингке сәйкес, сондай-ақ өңір мектептеріне 400-ге жуық педагог қажет екен. Әсіресе математика, физика және орыс тілі пәні мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Мұндай жағдай Мойынқұм, Сарысу, Талас, Қордай сияқты шалғай аудандарда байқалып отыр. Осыған байланысты Таразда биылғы педагогикалық жоғары оқу орындарының бітіруші түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 150-ге тарта жұмыс беруші келді. Шараның ерекшелігі, мекемелер болашақ кадрларды электронды портал арқылы таңдайды. Онда қажетті маманның біліктілігі мен білімі және қабілеті көрсетіледі.
«Әрбір бітіруші үшін электронды партфолия дайындадық. Онда осы 4 жыл бойы осы университет қабырғасында алған білімі, біліктілігі, оның өнері және қатысқан әрбір семинары туралы ақпарат берілген. Соны қарай отырып оның 4 жылдағы өсімі қалай болды және ол жұмыс берушіге қаншалықты қажет екенін бірден байқауға болады», — дейді педагогикалық университет проректоры Орынқыз Жолдасова.
Дереккөз: 24.kz