Облыста еңбек қатынастары талқыланды

0 0

Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы бөлімінің бастамасымен Шу ауданында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жұмыс топтарының қатысуымен оқу-семинар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

 2018-2019 жылдарға арналған «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу туралы» жобаны жүзеге асыру мақсатында жол картасының жұмысы туралы да сөз қозғалды.

Еңбек кодексі, еңбек қарым-қатынасын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті, жұмысшының қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы қатынастарды реттейді.

«Еңбек инспекциясына берілген тапсырма зейнетақы қорына қаржы төленбейтін санаттағы азаматтардың санын айқындау болған. Енді ол  сан жыл басында 63 мыңның үстінде болатын болса, қазір осы 1-ші тоқсанда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 51 мыңның төңірегінде болып отыр. Яғни, 12 мыңға жуық азаматтардың бүгінгі күні статусы айқындалды деп есептейміз», — деді облыстық еңбек инспекциясының  басшысы Серғали Айдапков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.