Ақтөбеде болған атыстан Ресей азаматы зардап шекті – Қырғызстан ІІМ

0 17

Ақтөбе қаласындағы трассада болған атыстан Ресей Федерациясының азаматы зардап шеккен, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz  cайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, Қазақстандағы Қырғызстанның ІІМ өкілдері атыс барысында жараланған ер азаматтың Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады», — делінген Қырғызстанның ІІМ таратқан хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың 6 сәуірінде 1988 жылы туылған Қырғызстан азаматы Ресей мен Қазақстанның шекарасындағы «Жайназ-Авто» қабылдау-өткізу пунктінен өзіне тиесілі ақ түсті Mercedes-Benz (спринтер) көлігімен өткен.

Онымен бірге шекарадан басқа көлікте Қырғызстан азаматы, оның досы өткен.

«Сағат шамамен 17:00-де Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісіне ер адам өтініш білдірген. Ол Ресей мен Қазақстан шекарасын жаяу өтіп, өзін Шымкент қаласына дейін жеткізіп салуды сұраған. Болжам бойынша, жолаушы 1983 жылы туылған, Тәжікстан Республикасының тумасы. Ер азаматта Ресей Федерациясының азаматы екенін дәлдейтін паспорты болған. Азамат ер жігітке туған еліне тойға бара жатқанын айтыпты», — деп түсіндіреді болған жағдайды қырғызстандық полиция қызметкерлері.

Сонымен қатар Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Ақшат кентінің жанында өз көлігі мен жолаушыны қалдырып, өзі досымен бірге Ақтөбеге жұмыстармен кеткен. Бірақ сағат шамамен 01:50 жолаушы полицияға қоңырау шалып, өзіне оқ атылғанын, салдарынан жараланғанын айтқан.

«Қолдағы мәліметтерге сәйкес, белгісіз азаматтар тарапынан қарақшылық шабуыл жасалған. Атыс салдарынан Ресей азаматы жараланған. Күдіктілер оның ақшасын, құжаттарын және алтын әшекейлерін ұрлап кеткен. Зардап шегуші өңірдегі ауруханаға жеткізілген. Заңсыз әрекет салдарынан Қырғызстан азаматының мүлкіне зақым келген. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізген. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда», — делінген Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтөбеде жолаушылар көлігіне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.