Таразда мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша семинар өтті

0 4

Таразда еліміз бойынша алғаш рет мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтерудің кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Негізгі басымдық мемлекеттік қызметтегі «Әдеп жөніндегі уәкіл» институтын жетілдіріп, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Алғашқы кезең ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының базасында ұйымдастырылып, семинар-тренинг түрінде өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, жоғары оқу орындары мамандары даярлаған дәрістерді тыңдады. Үш күнге созылған оқу қорытындысы бойынша әдеп уәкілдеріне біліктілігін арттырғаны жөніндегі арнайы сертификаттар табыс етілді.

Мақсұт Нәлібаев, әдеп кеңесінің төрағасы: 

«Бұл әдеп нормаларын сақтауда өзінің негізгі функционалдық міндеттерін атқаруына үлкен септігін тигізеді. Екіншіден, мемлекет пен қоғамның алдындағы әрбір қызметші беделін арттырады. Әдеп нормаларын сақтайтын мемлекеттік қызметші өзін басқа да бір заңсыздықтарға бой алдырмайды. Және негізгі мәселенің бірі мемлекеттік қызмет көрсетуде сапасы да жоғарылайды. Және де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына да септігін тигізеді».

Leave A Reply

Your email address will not be published.