2018 жылдың 18-22 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында өткен үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі есту қабілеті төмен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Аталған чемпионатқа 7 командадан барлығы 29 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» спортшысы Краморова Анна қыздар арасында өткен жұптық және жекелей кездесуде қатарынан ІІ орынды иеленді.
Айта кетерлігі, спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Касторный Сергей есімді азамат.