Көліктердің көбеюі адам шығынына әкеп соғуда

0 20

Қазіргі уақытта көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі адам өлімі мен материалдық шығын артуына әкеліп соғуда, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты.

Көліктерді апаттардан және өрттен сақтау мақсатында автокөліктердің механизімдері мен тораптарының дұрыс істеуін қадағалау, аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ осы мақсатқа икемделген үй-жайларда оталдыруға тыйым салынады.Бұдан бөлек, гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары), с қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға да болмайды.Гараж бөлмесінде темекі шегу де қайғылы жағдайға апарып соғуы мүмкін.

Егер, өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, телефон арқылы «101», «112» — хабарлап сол арада алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге шаралар қолданған дұрыс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.