Жаз мезгілінде орын алатын орман, дала өрттерін және суда қаза болу қайғылы оқиғалары облыстық ТЖ департаменті қызметінің ең маңызды бағытының бірі болып табылады. Осы орайда, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Данилов Бағдат Жұмаұлының төрағалығымен комиссия отырысы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Іс-шара барысында облыс аумағындағы 2018 жылы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың және қатысты мүдделі ұйымдардың биылғы шомылу маусымының дайындығына қатысты мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, жиында алдағы өрт қауіпсіздігіне дайындалу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралары және судағы қайғылы оқиғаларға жол бермеу жөнінде барлық аудан және Тараз қаласының әкімдері тыңдалды.