2018 жылдың 08-14 мамыр аралығында Улан-Батор (Моңғолия) қаласында таеквондодан (ITF) Азия чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Аталған жарысқа ҚР құрамасы сапында Жамбыл облысынан 8 споршы қатысып, 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша споршылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
1. Нұрғалия Мәлім 52кг І орын
2. Алина Абдрахманова 29кг І орын
3. Абдрахманов Тимур туль І орын
4. Руслан Ковальчук 45кг ІІ орын
5. Аяулым Әмеркенова 40кг ІІ орын
6. Асылхан Садуақас 75кг ІІІ орын
7. Досымбеков Тимур 50кг ІІІ орын
8. Руслан Ковальчук туль ІІІ орын
Айта кетерлігі, таеквондодан ITF облыстың аға жаттықтырушысы – Юрий Пак есімді азамат.