Жамбыл облысы ТЖД «Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!» атты флешмоб өткізді

0 1

Таразда достық алаңында балалардың жазғы демалысын қауіпсіз өткізуіне байланысты «Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!» атты флэшмоб түріндегі акция болып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Аталған іс-шараға Тараз қаласының «Мектептен тыс дамыту және балалар шығармашылығы» орталығының балалары, «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлары, Тараз қаласының мамандандырылған колледжінің студенттері мен Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері атсалысты.

Сондай-ақ, көрермен ретінде білім беру мекемелерінің өкілдері, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Ескеретін жайт, жыл сайын облыс бойынша орта есеппен 700-ге жуық өрт тіркеледі, оның ішінде 100-ге жуығы балалардың отпен ойнауынан болады. Мәселен, соңғы 5 жылда өрт кезінде 94 адам қаза тауып, оның ішінде 13 балалар болды. Ал ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 6 адам, оның ішінде 2 бала қаза болды. Биылғы жылдың өзінде жыл басынан бері 1 адам суға батып кетті.

Тағы айта кетерлігі, Жамбыл облысының ТЖД тұтас профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде, ең алдымен халықпен жұмыс, мекен-жай бойынша көмек көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.