Таразда робототехника бойынша жарыс өтті

0 19

19 мамырда Тараз мемлекеттік университетінде аймақтық робототехника бойынша іріктеу жарысы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Оған  6-21 жас аралығындағы 122 оқушы мен 34 педагог қатысты. Іс-шара спорттық және білім беру робототехника республикалық қоғамдық қоры «ҚазРоботикс» федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жас техниктер: сызық бойымен жарыс, кегельринг-квадро, робосумо және робофутбол, биатлон, эстафета, лабиринт секілді категориялар бойынша сайысқа түсті.

Робосумо категориясынан бірінші орынды техикалық шығармашылық орталығынан Сапаралиев Алижан мен Бекмұрат Бағлан, «Дарын» мектеп интернатынан Досыбай Асхат пен Дуытов Бекұлан иеленді. Кегельринг-квадро жарысынан техникалық шығармашылық орталығынан Үсен Али мен Серік Бақдаулет, «Айша-бибі» қыздар лицейінен Адахаева Аделя мен Секенова Мейірім  жеңіс төрінен көрінсе, сызық бойымен жарыстан қалалық №45 гимназиядан Әмірбек Тоқтар мен Жазықбай Әли жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, биатлон жарысы бойынша техникалық шығармашылық орталығынан Ратников Тимур мен Лян Давид үздіктер қатарынан көрініп, лабиринт бойынша техникалық шығармашылық орталығынан Маханов Нұрбек пен Қалдыбек Абылай 1 орынды иеленді.

Жеңімпаздар федерациядан диплом алып, Республикалық «KazRoboProject-2018» байқауына қатысып, өңірлердің намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.