Тараз жастары көркемсөз оқудан жарысты

0 17

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық конкурсы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Байқауға 17 – 29 жас аралығындағы қатысқан 10 жас қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық, поэзиялық шығармаларынан үзінді оқудан сынға түсті.

Байқаудың әділқазылары қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігі; дұрыс дыбыстауы; көркем мәтінді таңдау талғамы; сахналық образ және оқу шеберліктерін бағалады.

Жарыс нәтижесі бойынша 1 – орын Омарова Талшын, 2 – орын Бақытұлы Орынбасар, 3 – орын Қожағұл Асқарға бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.