Өрттен абай болыңыз!

0 9

Жуалы ауданына қарасты Б. Момышұлы және Шымбұлақ ауылдары арасындағы тас жолы бойында 1994 ж.ш. «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігі өртенген, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Өрт сағат 09:55-те оқшауланып, сағат 09:58-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 4 адам мен 1 техниканың күшімен толықтай сөндірілген.

Осы күні Қордай ауданына қарасты Қордай ауылы, Кенесары көшесі жеке тұрғын үй шатырының және жаздық асханасы, сонымен қатар Отар ауылы, Толепбай көшесі жеке тұрғын үй ауласындағы сарай, Қордай ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі жеке тұрғын үй ауласында жаздық асхана шатыры өртенген.

Өрт оқиғаларының барлығы да оқшауланып, ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен толық сөндірілді.

Өрттен зардап шеккендер болмаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.