Бүгін Елбасының келісімімен Бас Прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Шаймерденұлы Сартаев Қазақстан Республикасының Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгінде еліміздің Бас прокуроры болып тағайындалған Дастан Сартаев 1959 жылы туған. Ол Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Сартаев еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Сондай-ақ, әр түрлі жылдары Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды.
Ал, 2014 жылдан бастап Маңғыстау облысының прокуроры болды.
Дастан Шаймерденұлы сонымен қатар, заң ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.
Сартаевтың прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 36 жылды құрайды.