Дональд Трамп: Астана болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек

0 0

Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дональд Трамп Қазақстан Президентінің атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаңтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастың нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.

«Туған күніңізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің басшылығыңызбен «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек», – делінген құттықтау хатта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.