Канаданың зерттеушілері аптасына 45 сағаттан астам жұмыс істейтін әйелдердің диабетке ұшырау қаупі 60%-дан астам екенін айтты, — деп хабарлайды Science Daily порталы.
Зерттеу барысында ғалымдар 12 жыл бойы (2003 жылдан 2015 жылға дейін) Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер мен медициналық анықтамалардың деректерін пайдалана отырып 35-74 жас аралығындағы 7655 канадалық ер мен әйелдің денсаулық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізді.
Қатысушылар жұмыс сағаттарының санына қарай төрт топқа бөлінді: бірінші жұмыс аптасына 15-тен 43 сағат, екінші 34-40 сағат, үшінші 41-44 сағат, ал төртінші — 45 сағат немесе одан көп.
Нәтижесінде, ғалымдар басқа топтарға қарағанда, аптасына 45 сағат немесе одан да көп жұмыс істейтін әйелдердің 63% диабеттен зардап шегетінін анықтады. Шылым шегу, физикалық белсенділік немесе дене салмағының индексі сияқты басқа да тәуекел факторлары шамалы рөл ойнайды.
Зерттеушілердің айтуынша, ұзақ жұмыс күн үй шаруашылығындағы іс-шаралармен толықтырылып, әйел денесінде созылмалы стрестік реакция тудырады. Ғалымдар ер адамдарға аптасына 47 сағаттан артық жұмыс істеуге, ал көп жүктелген және үй шаруасына тиелетін әйелдерге — 34-тен артық жұмыс істемеуге ұсыныс жасады.
Дереккөз:Bag.kz