Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін неміс, француз, корей және жапон тілдерін білу талабын минималды деңгейге дейін төмендету жоспарланып отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұсынылған өзгерістер Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Бұл ретте ағылшын және қазақ тілдерін білу талаптары өзгеріссіз қалады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Австрия, Германия және Швейцария ЖОО-ларына түсу үшін неміс тілінен Гете институтының А1 деңгейлі сертификатын алу жеткілікті.
Франция мен Швейцарияда білім алу үшін TCF тестінен 100 ұпай жинап, DELF A1 деңгейіне жету қажет. Кореяға бару үшін TOPIK бірінші деңгейіне қол жеткізсе болғаны, ал Жапонияға бару үшін — бесінші деңгейлі Nouryekushiken сертификаты болуы қажет.
Порталдағы талқылау 2018 жылдың 24 шілдесіне дейін жалғасады.