Астана» еурокубоктың алғашқы матчында «Сутьесканы» 1:0 есебімен жеңді

0 0

Бүгін 11 шілде күні Астана-Аренада «Астана» клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьеска» клубымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA  Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы үшін 2018/2019 жылғы еурокубок маусымын Черногориядан келген «Сутьескаға» қарсы кездесумен бастады. Ойынның 28-минутында астаналық клуб сапындағы Роман Мұртазаев «Сутьеска» қақпасына гол соғып, есеп ашты. Елордалық футболшылар осыдан кейін шабуылдарын үдете түсті.

Қаншама рет қазақстандық футболшылар қарсылас қақпасына доп бағыттағанымен есеп 1:0 есебімен қалды.

Айта кетсек, қарымта матч 18 шілде күні Черногорияда өтеді.

«Сутьеска» клубы 1927 жылы Черногорияның Никшич қаласында құрылды. Олар үшін бұл жетінші еурокубок маусымы болып отыр.

Сондай-ақ, 19 шілдеде «Қайрат» — «Энгордань» (Андорра) кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.